Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

IT-мамандарды даярлау, ақпараттық технологиялар экспорты, ЖИ оқыту: Үкіметте IT-индустрияны дамыту мәселелері қаралды

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында IT-саланы дамыту мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады. 

IT-саланы дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2024 жылы Қазақстанның IT-саласы қарқынды өсуін жалғастырды.

«IT-компаниялардың саны 18 мыңнан асып, соңғы үш жылда 16%-ға өсті. Осы кезеңде IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54%-ға көбейіп, 673 мың теңгеге жетті. Бұл білікті кадрларға деген жоғары сұраныс пен бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын көрсетеді. IT саласындағы жұмыспен қамтылғандар саны да 12%-ға өсіп, 187 мың адамға жетті», — деп мәлімдеді Жаслан Мәдиев.

2018 жылы «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркі іске қосылды. Бүгінде Astana Hub айтарлықтай өсім көрсетуде. Ол Қазақстандағы IT-стартаптарды дамыту орталығы ретіндегі рөлін растауда. Технопарк 1,5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Олардың ішінде 1102 жергілікті және 437 шетелдік компаниялар бар. Қатысушылардың жалпы табысы 1,2 трлн теңгені құрап, соңғы бес жылда 31 есе өсті.

«Осы жылдың үш тоқсаны бойынша экспорттық кіріс 143 млрд теңгеге жетті. Жылдық өсу төрт жылда 10 еседен асты. Осылайша, Astana Hub өңірдегі жетекші технопарк ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Өңірлік хабтардың дамуы біздің инновациялық экожүйеміздің негізгі элементіне айналды. Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша 17 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді. Олар жергілікті стартаптар мен кәсіпкерлікті дамытуға белсенді ықпал етеді», — деді спикер. 

Министрдің айтуынша, стартаптар мен IT индустриясын дамыту жөніндегі барлық бағдарламалар аймақтық IT-хабтарға қолжетімді. Жыл соңына дейін Петропавлда тағы бір хабты қосу жоспарланып отыр. Осылайша, өңірлік хабтар Қазақстанда IT-индустрияны дамытудың маңызды драйверіне айналуда. Бұл таланттарды ашуға және күшті инновациялық экожүйені құруға ықпал етеді.

«Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» құрылды. Мұнда IT-мамандарға, инноваторларға және ғылыми қайраткерлерге арналған мемлекеттік қолдау шараларының көпшілігі шығарылды. Мобильді қосымша да қол жетімді. Портал мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

«Бүгінгі күні порталды жыл сайын жарты млн астам адам пайдаланады. Портал EGOV-қа ұқсас бірыңғай терезеге айналды деп айтуға болады», — деді министр.

Жаслан Мәдиевтің айтуынша, әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды мамандарды тарту үшін жағдай жасалуда. АХҚО-да Экспат орталығы жұмыс істейді. Бұл Орталық шетелдік мамандар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың бірыңғай терезесі ретінде қызмет етеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында IT-мамандарға арналған арнайы виза – Digital Nomad Visa іске қосылды. Бұл жеңілдетілген процедуралар арқылы электрондық виза алуға мүмкіндік береді.

«Біз Digital Nomad Residency бағдарламасын іске қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағдарлама онлайн режимде тұруға рұқсат алу рәсімін жеңілдетеді. Келесі айда іске қосу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама жекеменшік IT-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға дейін 20 мың IT-маман даярлауға бағытталған. Соңғы үш жылда шамамен 82 мың IT-маман даярланды. Жекеменшік IT-мектептерде 16 мыңнан астам маман даярланды. Біз еңбек нарығының талаптарына сай жоғары білікті кадрларды даярлауға ұмтылудамыз», — деп мәлімдеді ол.

Бүгінгі күні Tech Orda бағдарламасының түлектері арасында табысты оқиғалар бар. Олар мүлде басқа салалардан ІТ-ға ауысуға мүмкіндік алды. Мысалы, заңгер білімін алған Ләззат Хаджимуратова, бағдарламаға қатысқаннан кейін электрондық коммерция саласында әзірлеуші болып қызметке тұрған.

«Тағы бір табысты оқиғаны Алдияр Құлтумановтың мысалымен айтуға болады. Ол медицина саласында жоғары білім алып, кәсіби бағытын өзгерту туралы шешім қабылдады. Бағдарлама аяқталған соң, ол әзірлеуші-junior frontend ретінде мансабын бастады», — деді министр.

Үкімет отырысында министр халықаралық кәсіби қоғамдастықтың назарын аудару қажет екенін айтты. Ол үшін халықаралық деңгейдегі форумдар мен конференциялар өткізіледі.

2024 жылғы 3-5 қыркүйек аралығында Қазақстанда алғаш рет Астана қаласында цифрлық инклюзия және трансформация бойынша Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясы өтті. Конференцияға 30-дан астам елден 186 делегат қатысты. Жалпы қатысушылар саны 1500 адамнан асты. Астана министрлік декларациясын қабылдау болды. 

Биылғы 15-20 қыркүйек аралығында Қазақстан алғаш рет ICPC – әлемдегі ең ірі студенттік спорттық бағдарламалау чемпионатын қабылдады. Бұл оқиға еліміздің Орталық Азиядағы IT-хаб ретіндегі позициясын нығайтты. 110 елден 73 000 қатысушының ішінен финалға 50 елден 142 команда өтті, ал Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті командасы әлемнің ең үздік 30 командасы қатарына енді.

Сонымен қатар 2018 жылдан бастап «Digital Bridge» және «Digital Almaty» халықаралық форумы сияқты маңызды іс-шаралар өткізілуде. Бұл форумдар жыл сайын 30 000-нан астам қатысушыны тартады.

Қазақстанның IT-қызметтер экспорты қарқынды өсімді көрсетуде. 2023 жылы экспорт көлемі 529 млн долларға жетті. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 306 млн долларды құрады.

«Біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026 жылға қарай $1 млрд межесіне сенімді түрде ұмтылудамыз. Бүгінде Қазақстанның IT-қызметтері 86 елге экспортталады. Бұл біздің цифрлық шешімдерімізге жоғары сұранысты және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттілігімізді растайды», — деп атап өтті Жаслан Мәдиев.

Astana Hub Google for Startups-пен бірлесіп жыл сайын Silkway Accelerator 12 апталық акселерациялық бағдарламасын өткізеді. Бағдарламаға Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа елдердің стартап-жобалары қатысады.

Hero Training бағдарламасы аясында Astana Hub және Draper University арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің негізі қаланды. Сондай-ақ американдық нарыққа сәтті шығу мақсатында Silicon Valley Residency Program және AlchemistX Accelerator акселерациялық бағдарламалары іске қосылды. Бағдарламалар стартаптарға Кремний алқабының жетекші сарапшылары мен инвесторларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Біздің халықаралық желіміз де кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта АҚШ, Сауд Арабиясы және Сингапурде үш халықаралық IT-хаб табысты жұмыс істеп тұр. Бұл бастамалар таланттарды тартуға және қазақстандық стартаптарға халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі. Біздің GovTech саласындағы цифрлық әзірлемелеріміз халықаралық деңгейге шығуда. 2023-2024 жылдары экспорт көлемі 1,360 млрд теңгені құрады. Қазақстан электрондық үкімет саласындағы шешімдерді Тәжікстан, Того, Сьерра-Леоне сияқты елдерге экспорттайды», — деді министр.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жыл сайын мыңдаған мамандарды, жүздеген стартаптарды және жасанды интеллект саласындағы ондаған ғылыми жобаларды дайындау жоспарланып отырғанын айтты.

Аталған орталық жасанды интеллект дамыту саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер алаңына айналады. Сонымен қатар министрлік халықты жасанды интеллект технологиясына оқытудың кешенді тәсілін ұсынуда. 

«Біз 5 жыл ішінде 1 млн адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, олар 500 мың оқушы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметші, 80 мың кәсіпкер және халықтың 30 мың басқа санаты. Қазіргі уақытта білім беру жобалары, оның ішінде мектеп оқушыларына арналған TUMO креативті технологиялар орталығы іске қосылуда. Сондай-ақ ағымдағы жылдың қазан айында жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлау үшін өңірдегі алғашқы TomorrowSchool жасанды интеллект мектебі ашылды. Осы бастамалардың барлығы еліміздің адами капиталын дамытуға, таланттарды анықтауға және IT-саласын дамытуға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді министр.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив