Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-5°С
  • Аягөз-11°С
  • Ақсуат-12°С
  • Бородулиха-7°С
  • Қалбатау-10°С
  • Курчатов-9°С
  • Көкпекті-14°С
  • Үржар-6°С
502.47 525.83 5.68

ITMLab әлеуметтік жобасының финалы Астанада өтті

Кеше, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада ITMLab әлеуметтік жобасының соңғы кезеңі өтті, онда қатысушылар сарапшылар мен әлеуетті инвесторларға мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өз әзірлемелерін ұсынды. Бұл техникалық оңалту құралдарының прототиптері, сонымен қатар қол жетімді және инклюзивті ортаны құруға бағытталған әртүрлі технологиялар.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ITMlab жобасы аясында Астана және Алматы қалаларында хакатондар өткізілді, оның барысында мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша ең қызықты және өзекті стартап-жобалар іріктелді. Финалдық таныстырылым барысында 18 команда өз жобаларын ұсынды, олардың идеялары бір ай ішінде кәсіби оқытушылардың жетекшілігімен пысықталды. Презентациялар аяқталғаннан кейін қазылар алқасы прототиптерді жүзеге асыруға арналған гранттар алған 6 команданы таңдады.

Соңғы кезеңде сарапшылар мен әлеуетті инвесторларға дайын әзірлемелер ұсынылды. Әрбір жоба терең зерттеулер барысында анықталған нақты қажеттіліктер мен жағдайларға негізделген. Бұл шешімдер технологияның қолжетімділігін арттыруға, коммуникацияларды жақсартуға және инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған.

  • Shaka – көру қабілеті бұзылған адамдардың күнделікті өмірде бағыт-бағдар алуына көмектесетін вибромоторлар мен сенсорлары бар қолғап.
  • Fenix Recovery – арнайы орталықтарда да, үй жағдайында да қолдануға болатын экзоскелет пен ықшамды локомоторлы тренажер.
  • Bulan – мүгедектігі бар адамдардың арбасына арналған оңтайландырылған электронды құрылғы.
  • РиМы – Брайль қарпіне бейімделген электронды дисплей.
  • «Жан» ҚБ – ақ таяқтарға арналған тозуға төзімді ұштықтарды өндіру.
  • Procrastinators – ымдау тілін мәтінге және керісінше нақты уақыт режимінде аударатын қосымша.

 «Бұл жобалар бірнеше ай бойы дайындалып, тиянақты және қажырлы еңбекті көп қажет ететін процестерден өтті. Бұл әлемді өзгерту өз қолымызда тұрғандығының дәлелі. ITMLab жобасы біздің елдегі инклюзивтілікті ілгерілетуге көмектеседі деп сенеміз. ITMLab жобасы одан әрі дамиды, ол біздің елімізде инклюзияны ілгерілету бойынша осындай жаңа бастамаларға есік ашады деп үміттенемін», – деп атап өтті «IteachMe» ҚҚ директоры Захира Бегалиева.

Осы ITMLab жобасын іске асыру қол жетімді инклюзивті ортаны дамытуға, сондай-ақ инновациялық шешімдер үшін жағдай жасауға елеулі үлес қосқан бас серіктес – «Шеврон» компаниясының қолдауының арқасында мүмкін болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сараптамалық қолдау мен консультацияларды қамтамасыз ете отырып, жобаға жәрдемдесті, бұл идеяны табысты іске асыру үшін маңызды негіз болды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова алғы сөзінде мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру үшін әлеуметтік жобаның маңыздылығын атап өтті.

«ITMLab жобасының соңғы кезеңі шеңберінде оңалтудың техникалық құралдарын әзірлеуге цифрлық технологияларды қосу бөлігінде бастамалар ұсынылды. Бүгін біз жастардың осындай дамыту үдерістеріне қалай қатысатынына куә болып отырмыз. Бұл мүгедектігі бар адамдарға көмекке келетін, олардың өмір сүру сапасын жақсартатын инновациялар», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Іс-шара қорытындысы бойынша мүдделі инвесторлар мен бизнес өкілдері ең перспективалы командаларға ынтымақтастық, тәлімгерлік және кәсіби білім алмасуды ұсынды. Бұл формат қатысушыларға өз идеяларын ұсынып қана қоймай, оларды одан әрі дамыту үшін құнды ұсыныстар мен қолдау алуға мүмкіндік берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив