Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Премьер-Министр депутаттарға ӘМАТ шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы сауалға жауап берді

11-10-2023, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, адам құқықтары мен бостандықтарын, елдегі халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бағалар мен тарифтерді реттеуді белгілейді.

Бүгінгі таңда тауарлар мен қызметтерге бағалар мен тарифтерді Кәсіпкерлік кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды (116-бап).

Бұл ретте, бағаны кез келген мемлекеттік реттеу бизнес үшін тауар немесе қызмет өндіруге тартымдылығын төмендетеді. Реттелетін бағалары бар салалардағы негізгі мәселе инвестициялардың жеткіліксіздігі болып табылады, бұл сайып келгенде негізгі қорлардың ескіруіне, еңбек өнімділігінің төмендігіне, бәсекеге қабілетсіздікке және өнімнің сапасының төмендігіне әкеледі.

Бағаны мемлекеттік реттеу жүйелік мәселелерді шеше алмайды, бірақ орта мерзімді кезеңде кешіктірілген инфляцияға әкелуі мүмкін. Субсидияланған бағалар бағаларға қосымша қысым жасай отырып, тұтынудың өсуін ынталандыруды жалғастыруда.

Мемлекеттің нарықтық баға белгілеу процесіне араласуы объективті себептерге байланысты мемлекеттік реттеудің басқа құралдарын пайдалану мүмкін болмаған кезде соңғы шара болуға тиіс.

Нарықтық бағаға кезең-кезеңмен көшу қажетті шара болып табылады. Бұл қысқа мерзімде реттелетін нарықтардағы бағалар мен тарифтердің өсуіне әкелуі мүмкін. Алайда, орта мерзімді кезеңде бұл инфрақұрылымды айтарлықтай жақсартуға, негізгі қорларды жаңартуға, кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға және ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бағаны реттеу нарықтық баға белгілеу процесіне араласу бола отырып, тиісті тауар нарығының кірістілігіне қатысты әлеуетті бәсекелестер үшін дұрыс емес инвестициялық сигналдар береді.

Бағаның шекті деңгейін белгілеу арқылы жекелеген тауарлардың бағаларын реттеу әрекеттері бағалар мемлекет белгілеген шекті деңгейге көтеріле бастаған кезде «тарту» деп аталатын әсердің пайда болуын көрсетті.

Баға белгілеудің шығын әдісі реттелетін нарық субъектілерін олардың шығыс бөлігін ұлғайтуға итермелеу арқылы ресурстарды бөлудің тиімділігін төмендетеді, оның өсуі кейіннен сату бағасының тікелей өсуі есебінен жабылады.

Баға белгілеудің бұрмалануына әкеп соқтыратын факторларды жою және соның салдарынан баға бәсекелестігін жоятын факторларды жою мақсатында Үкімет Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп бағаны реттеу құралдарын монополияға қарсы бақылау құралдарымен кезең-кезеңімен ауыстыру жөнінде шаралар қолданады.

Бұдан басқа, инфляциялық қысымды төмендету үшін Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, жүйелі және жедел сипаттағы іс – шаралар көзделген 2023-2024 жылдарға арналған инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін (бұдан әрі-шаралар кешені) іске асыруда.

Атап айтқанда, шаралар кешенінде импортқа тәуелділікті төмендетуге және ішкі нарықты отандық тауарлармен қанықтыруға, өңдеуші өндірістерді ынталандыруға, тауарларды сақтау мен логистикаға жағдай жасауға, бөлшек сауданы қолдауға, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуге және т.б. бағытталған іс-шаралар көзделген.

Өнімсіз делдалдарды жою, сауда инфрақұрылымын дамыту және өткізу нарықтарына қолжетімділікті кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ, сауда бойынша аналитикалық платформада - «szpt.qdata.kz» Сауда және интеграция министрлігі апта сайын әлеуметтік саңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың өзгеруі, тұрақтандыру қорларында және «айналым схемасы» шеңберінде қорлардың болуы бойынша өңірлер бөлінісінде деректерді мониторингтеуді және талдауды жүзеге асырады, бұл тиісті ден қою шараларын жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

Депутаттық сауалда көтерілген мәселелер бойынша толық ақпаратпен мына жерден танысуға болады.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив