Жоғары оқу орындарының 500-ден астам өкілі білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіптік стандарттарды қолдану бойынша оқытудан өтті
Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган (бұдан әрі – КБҰО) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығымен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіптік стандарттарды қолдану мәселелері бойынша оқыту жүргізді. Семинарға Қазақстанның 500-ден астам жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Оқыту Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту шеңберінде жүргізілді.
Семинар спикері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының басқарма кеңсесінің басшысы Амина Мұхамбетова тыңдаушыларды кәсіптік стандарттар негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезеңдерімен таныстырды.
«С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатов «6В052 Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы мысалында білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіптік стандарттарды қолданудың практикалық тәжірибесі туралы айтып берді.
Семинарға қатысушылар білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіптік стандарттарды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар жобасын талқылады.
Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының өкілдері дағдыларды үздіксіз дамыту үшін жағдай жасауға, мансаптық өсуді ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасымен таныстырды.
Семинар барысында қатысушылар пікір алмасты және бар проблемаларды талқылады.
Сараптамалық қоғамдастықтар өкілдеріне арналған семинарлар циклі Қазақстанның ҰБЖ дамытуға мүдделі тараптардың қатысу дәрежесі мен сапасын арттыру мақсатында өткізіледі.