018.KZ — ABAI AQPARAT
@abaiaqparatkz 6 400 участников
5 ноября 2026
⚡Семейдегі теміржол вокзалының алдындағы алаң жаңа кейіпке енеді

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей теміржол вокзалының алдындағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайтын алаңда кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазір 3 мың шаршы метрге жуық аумаққа брусчатка төселіп, жарықтандыру жүйесі жаңартылып жатыр.

Жоба аясында 65 жарық шамы орнатылып, ағаштар мен гүлдер отырғызылады. Автоматты суару жүйесі іске қосылып, 20 орындық қойылады.

Берік Уәлидің айтуынша, абаттандыру жұмыстары екі апта ішінде аяқталады. Жаңартылған алаң тұрғындар мен қала қонақтарының серуендеп, демалуына арналған қолайлы қоғамдық кеңістікке айналмақ.

t.me/abaiaqparatkz
⚡«Кептеліс дегенді ұмытамыз» - халық пікірі

Семей тұрғындары жаңа көпір құрылысына оң көзқарас білдіріп отыр. Олардың пікірінше, нысан пайдалануға берілген соң қаладағы көлік қозғалысы жеңілдеп, кептеліс мәселесі азаяды. Жаңа көпір қала тұрғындары үшін қолайлы қатынасқа жол ашпақ.

Толығырақ «Халықтық құрылыс» бағдарламасынан көріңіз. https://youtu.be/ccq6GTNQXAI

t.me/abaiaqparatkz
0:45
⚡«Әділет» партиясы «Эйкос» ұжымымен кездесті

«Әділет» партиясының өкілдері «Эйкос» ЖШС ұжымымен кездесіп, Абай облысына арналған 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.

Кездесуде өңір экономикасын дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

Бағдарлама аясында Курчатов қаласында аммиак пен карбамид өндіретін зауыт салып, 500 жұмыс орнын ашу көзделген. Сондай-ақ Семейдегі «Semey Mall» орталығында 100, қонақүй кешенінде 30, агроөнеркәсіп саласындағы 4 жоба бойынша 244 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Жиын соңында кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды.

Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.

Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді


t.me/abaiaqparatkz
1:30
⚡Абай облысында 9 инвестициялық жоба мақұлданды

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінде жалпы құны 8,4 млрд теңгені құрайтын 9 жоба мақұлданды. Оларды іске асыру нәтижесінде 695 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жобалар Семей қаласы, Аягөз, Жарма, Мақаншы және Бесқарағай аудандарында жүзеге асырылады. Олар ауыл шаруашылығы, өнім өңдеу, логистика, табиғи тасты өңдеу, қонақүй бизнесі және жол бойындағы сервис салаларын қамтиды. Сонымен қатар «Тоқаш Ана» шипажайын электрмен жабдықтау жобасы қолдау тапты.

Берік Уәли инвесторларға қолайлы жағдай жасап, әкімшілік кедергілерге жол бермеуді тапсырды. Сондай-ақ мақұлданған жобалардың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алуды міндеттеді.

t.me/abaiaqparatkz
⚡Берік Уәли «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілеспен кездесті

Кездесуде Ержан Байтілес аймақ басшысы Берік Уәлиді «Қазақ газеттері» ЖШС-інің қызметімен таныстырды.

«Қазақ газеттері» ЖШС құрамына еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Уйғур авази», «Ұлан», «Ақ желкен», «Балдырған» және «Дружные ребята» басылымдары кіреді.

Кездесуде республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланысты нығайту, жергілікті басылымдардың әлеуетін арттыру, ұлттық баспасөздің бүгінгі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ, Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларды, тарихи-мәдени мұраларды республикалық ақпарат кеңістігінде кеңінен таныту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында Ержан Байтілес өңірлік журналистиканы дамытуға қатысты пікірін білдіріп, Абай облысының жетістіктерін республикалық деңгейде таныту, ұлттық руханият пен мәдени құндылықтарды насихаттау бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

t.me/abaiaqparatkz
⚡Шығыс кентінде аулаішілік жолдар жөнделуде

Семей қаласының Шығыс кентіндегі А және Б кварталдарында аулаішілік жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс қарқынын арттырып, жөндеу шараларын жеделдету мақсатында жұмыстар түнгі ауысымда да жалғасуда.

Аталған жұмыстар аулаішілік жолдардың жағдайын жақсартуға, көлік қозғалысы мен тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

t.me/abaiaqparatkz
0:26