Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама еліміздің 84 аккредиттелген зертханаларында жүргізіледі

Кеше, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Үкімет отырысы барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өнімді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау туралы баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, елімізде өнімдердің қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау жүргізу жұмыстары 2015 жылдан бастап санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалар жасау арқылы жүргізіледі.

Министрлік өз кезегінде, қолданыстағы өнімдердің бірыңғай санитариялық талаптарға және Еуразиялық экономикалық одақтың 22 техникалық регламентіне сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асырады. Оның ішінде: тамақ өнімдері бойынша – 13, ал азық-түлік емес тауарлар бойынша – 9 техникалық регламент.

2015–2022 жылдар аралығында тиімді жүргізілген ведомствоаралық жұмыстарының нәтижесінде талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы саны 30,2%-дан 11%-ға дейін төмендеді.

2023 жылы және 2024 жылдың І-ші жартыжылдығында «Таза парақтан» тәртібінің өтпелі ережелерінің енгізілуіне орай, бақылау жүргізу жұмыстары бұл уақыт аралығында жүргізілмеді. Дегенмен, биылғы тамыз айынан бастап бақылау жұмыстары – сатып алынған өнімдерге сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

«Бүгінгі таңда, 5 мыңнан астам өнімге бақылау сынамалары жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша өнімнің 35%-ы талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Қорытынды нәтижесі бойынша 439 жедел ден қою шаралары қабылданып, 2 тоннадан астам өнім саудадан алынып тасталды», — деп мәлімдеді министр.

Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен өзара іс-қимыл шаралары шеңберінде 34 импорттық өнім өндірушілерге қатысты зертханалық бақылау күшейтілді. Сондай-ақ 2023 жылы «Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен» өзара іс-қимыл жұмыстары нәтижесінде сүт, құс еті және парфюмерлік-косметикалық өнімдерінің «талаптарға сәйкестігі туралы» 200 декларацияларының қолданылуы тоқтатылып, күші жойылды.

«Бүгінгі таңда, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жұмыстары облыстық және аудандық деңгейде Ұлттық сараптама орталығының 84 аккредиттелген зертханасында жүргізіледі. Регламенттелген зерттеу көрсеткіштерінің орындалуы 87%-ды құрайды. Жыл сайын зертханаларда сараптама жүргізудің жаңа әдістері енгізілуде», — деп атап өтті А. Әлназарова.

Қазіргі таңда елімізге адамның денсаулығына қауіпті өнімдердің келуін болдырмау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері шекараларының өткізу пункттерінде мемлекеттік тіркелуге жататын барлық өнімдерге санитариялық-карантиндік бақылау жүргізіледі.

«Биыл бақылау жүргізілетін тауарлардың 2 000-ға жуық партиясына құжаттамалық тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша көлемі 3 580 тонна болатын 177 жүк партиясының елімізге кіруіне тыйым салынды», — деді спикер.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу үшін Министрлік тарапынан Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органдарымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде «Сұр сертификаттар» деп аталатын «сәйкестікті бағалау туралы» заңсыз берілген құжаттар өнімдерінің айналымына жол бермеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру бойынша жұмыстарын жүргізуде.

«Сонымен қатар жыл сайын зертханаларды заманауи жабдықтармен жабдықтау мен жарақтандыру мәселелері қаралып, пысықталғанымен, толық көлемде қолдау таппайды. Сондай-ақ медициналық емес қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі де өзекті болып қалуда», — деді денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив