Ұлттық киноны қолдау орталығы 2025 жылға киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялайды
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жыл сайын ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларды іріктеу үшін конкурс өткізеді. Олардың барлығы белгілі бір санатқа сәйкес келуі керек.
Осыған орай, кино орталығы 2025 жылға арналған киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялайды.
ОЙЫН ФИЛЬМДЕРІ:
– Отан, туған жерге деген сүйіспеншілік
– Отбасы (ата, әже, әке мен ана бейнесін ашу, тәрбиені дәріптеу)
– Тарих пен тағылым
– Жұмысшы мамандықтарын танымал ететін кино
– Қазақ ертегілері мен эпостары
– Балаларға арналған фильмдер
– Тұлғалар (танымал тарихи тұлғалар туралы фильмдер)
– Қоршаған орта, табиғатты қорғау
– Әскери-патриоттық кино
– Заң мен тәртіп
– Еңбек адамының бейнесі
– Ауыл тіршілігі
– Кәсіп пен нәсіп
– Салауатты өмір салтын, спортты насихаттайтын кино
– Бірлік пен бейбітшілік
– Ғарыш пен ғалам
– Әйел құқығы, бала қауіпсіздігі
– Ауыл – алтын бесік
АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМДЕР:
– Ұлттық құндылықтар
– Туған жердің көркем табиғаты
– Ата-анаға құрмет
– Адал азамат
– Қазіргі заманның қаһармандары (кішкентай көрермен еліктейтін кейіпкер)
– Қазақ ертегілері
– Дос қадірі
– Мотивация
– Намыс пен жігер (спорт түрлерін насихаттау)
– Білімді ұрпақ
ДЕРЕКТІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ХРОНИКАЛЫ ФИЛЬМДЕР:
– Мемлекет мерейі, саяси қадамдар мен халықаралық қатынас
– Біздің Отан (географиялық-экскурсиялық бағыт)
– Ел бірлігі
– Тарихтағы елеулі оқиғалар
– Ғылыми жетістік
– Құмарлық пен тәуелділік
– ІТ мамандар
– Этнография – тамыры тереңге жайылған құндылықтар
– Экология (табиғат ерекшеліктері, рейнджерлердің өмірі және т.б.)
– Қайраткерлер (тарихи тұлғалар, мәдениет, қорғаныс, ғылым және спорт)
– Волонтерлер атқарған ауқымды істер
– Танымдық тақырыптар (білім, инновация, ғылым)
– Отбасы құндылығы
– Құтқарушыларды, медицина қызметкерлерін, құқық қорғаушыларды дәріптеу
– Салауатты өмір салты