Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
524.75 540.6 5.12

2024 жылы 10,6 млн тонна астық теміржол көлігімен тасымалданды

Кеше, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылы «Қазақстан Темір Жолы»ҰК» АҚ» желісі бойынша астық тасымалдаудың жалпы көлемі 10,6 млн тоннаны құрады.

Ішкі тасымалдар 13% артып, 2,5 млн тоннадан асты, ал экспорт 8,1 млн тонна болды.
Өткен жылы астық тасымалы Орталық Азия елдеріне: Тәжікстанға — 20%, Қырғызстанға — 92%, Әзірбайжанға 86% өсті. Иранға астық тиеу екі есеге ұлғайды.

Ұнтақ өнімдерін тасымалдау да оң динамиканы көрсетті. 2024 жылы тасымалдау көлемі 3,2 млн тоннаны құраса, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2% артық. Ұнтақ өнімдерінің экспорты 3% артып, 2,3 млн тоннаға жетті.

Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдеріне ұнтақ өнімдерінің экспорты өсуде, мұнда 4%, 5% және 41% айтарлықтай өсім байқалуда. Қытай қазақстандық ұнтақ өнімдерінің импортын 34% арттырды.

Астық және ұнтақ өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау ерекше бақылауда. Тасымалдардың үздіксіздігін және уақытылығын бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуде тасымалдауды үйлестіру үшін жедел астық штабы күнделікті жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив