Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
524.75 540.6 5.12

Сенатор Тастекеев: Елімізді дамыту үшін мемлекеттік басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыру керек

Кеше, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат депутаты Қайрат Тастекеев Абай облысына сапары аясында «Alikhan Bokeikhan University» оқытушылары мен студенттерімен және экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Жүздесулерде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша жүзеге асып жатқан негізгі реформалар, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды.

Депутат университет оқытушылары мен студенттерімен кездесу барысында Сенаттың заң шығару жұмысы туралы, оның ішінде лудоманияға қарсы іс-қимыл туралы қабылданған заңдар және мемлекеттік сатып алу туралы заңға енген өзгерістер туралы айтты. Ол Президенттің таяудағы бағдарламалық сұхбатында айтылған реформаларға ерекше назар аударды және олардың еліміздің орнықты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

«Елімізді дамыту үшін мемлекеттік басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыру керек. Бұл реформалар республикамыздың ұзақ мерзімді өсуі мен тұрақтылығы үшін берік іргетас болады», - деді Қайрат Тастекеев.

Сенатор экономикалық тергеу департаментінің ұжымымен кездесуде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі мәселелерді және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын талқылады. Президенттің Жолдауында белгіленген міндеттерге, оның ішінде халықтың әл-ауқатын жақсарту және жергілікті экономиканы қолдауға ерекше назар аударылды. Кездесулер барысында Президенттің бастамаларын іске асыру және өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуде Палата мен мәслихаттардың бірлескен жұмысы маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Ол кездесулерде көтерілген мәселелерді шешуде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив