Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.18 628.93 6.68

Абай облысының ақсақалдары бата беруден сайысқа түсті

11-03-2025, 08:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Абай облысына сапары барысында ІІ республикалық «Ақ бата» байқауының аймақтық сайысы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

«Алла қаласа бүгінгі сайыстың жеңімпазы Абай облысының атынан Түркістанда өтетін республикалық бата беру байқауына қатысады. Біз де бір Алланың қалауымен Абай елі, Семей өңіріне қасиетті айда сапарлатып келіп отырмыз. Бүгінгі сайыстың марапаттау рәсіміне қатысудағы мақсатымыз – сіздердің баталарыңызды алып қалу. Алла Тағала қарияларымызға күш-қайрат, жастарымызға жігер, иман байлығын нәсіп етсін. Үлкеннің батасы мен алғысын алар ұрпағымыз көп болғай»,- деді Бас мүфти.

Айта кетейік, Семейдегі Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітте өткен іріктеу сайысына 18 ақсақал қатысты. Жарма ауданынан келген Мұрат Жармұхамбетұлы жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алды. Сондай-ақ Көкпекті ауданынан келген Сләмғазы Жұмаділұлы ІІ орынды, ал семейлік Жетпісбай Қасымжанұлы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Батагөй ақсақалдарды Бас мүфти арнайы марапаттап, оларға диплом және қаржылай сыйлық табыстады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив