Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
517.16 588.48 6.23

Өңірде атаулы әлеуметтік көмекпен 36 мыңнан астам адамды қамту көзделген

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақта биыл атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 36 371 адамға беру жоспарланған. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбектің айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінің 35%-ы мөлшерінде, бірақ өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен емес мөлшерде белгіленді.

– Бүгінде Абай облысының 2 қаласы мен 10 ауданында Мансап орталықтары жұмыс істейді. АӘК-ке мұқтаж азаматтарды қабылдау үшін 111 маман қызмет атқарып отыр. Биыл атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 5,8 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 6 878 балаға қосымша төлемдер ретінде 391 млн теңге қарастырылған, – деді Айман Нұрлыбек.

Жыл басынан бері облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек 2 011 отбасындағы 10 308 адамға 275,7 млн теңге көлемінде тағайындалды. 2 845 балаға 32,9 млн теңгеге қосымша төлем берілген.

Бүгінде облыстың қалалары мен аудандарында құрамында 815 мүшесі бар 146 учаскелік комиссия мұқтаж отбасыларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив