Қазақстанда көпірлердің, жол айрықтары және өтпелерінің электрондық базасы құрылуда
Жол ғылыми-зерттеу институты еуропалық тәжірибе негізінде көпірлерді пайдалануды басқару жүйесін әзірлеуге кірісті
Қазақстандағы автомобиль және теміржол жолдары арқылы өтетін көпірлер, жол айрықтары мен өткелдер туралы деректер әлі күнге дейін мұрағаттарда қағаз құжаттарда сақталатынын айта кеткен жөн.
Ақпаратқа жылдам қол жеткізе алмаудың салдарынан стратегиялық жол объектілерін зерттеу, жөндеу, жаңғырту, реконструкциялау және құрылысын жоспарлау және жүргізу жөніндегі жұмысты қиындатады әрі тиісінше көлік қозғалысының қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Мәселенің оң шешімін табу мәселесімен «ҚазжолҒЗИ» АҚ сарапшылары айналысты. Мамандар Дания, Финляндия, Германия, Норвегия, Оңтүстік Африка, Швеция, Швейцария және Ұлыбританияның тәжірибесін талдады. Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, институт көпірлерді пайдалануды басқарудың қазақстандық жүйесін (СУЭМ) әзірлеуге кірісті.
«Бұл құрылыстар туралы өзекті мәліметтерді, оның ішінде әрбір объектінің паспорттық деректерін және олардың ағымдағы жай-күйін тексеру нәтижелерін жинайтын заманауи ақпараттық жүйе болады. Жоба шеңберінде дрондардың көмегімен республикалық маңызы бар автожолдардағы барлық көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылатын болады. Деректер мемлекеттік, жобалау және құрылыс ұйымдарының қызметкерлеріне жасанды құрылыстардың бірыңғай базасының сайтында қолжетімді болады», деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдары және көпір құрылыстары департаментінің бас маманы Қайсар Шалқар.
Оның айтуынша, көпірлерді пайдалануды басқару жүйесін құру пайдаланушыларға белгілі бір объект туралы қажетті деректерді тез табуға, сондай-ақ көпірлер, өткелдер мен жол айрықтарын күтіп ұстау бойынша есептер мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
«Мұндай деректер көбінесе көлік және жол құрылысы саласында жұмыс істейтін мамандар мен мемлекеттік органдарға қажет. Жоба бойынша салынған пайдалану мерзіміне және құрылыстарды зерттеу деректеріне сәйкес жүйенің өзі регламенттік және жедел жұмыстарды қашан жүргізу керектігін, нақты көпірді қанша уақыт пайдалануға болатынын және оны қайта құру немесе бұзу қанша уақыттан кейін қажет болатыны жөнінде ақпарат береді», деп толықтырды Қ.Шалқар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, уақытылы және тұрақты диагностика, бақылау және талдау ерте ме, кеш пе тозуға немесе апатқа әкелетін ақауларды анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде көпірлер мен басқа да объектілерді күтіп ұстау шығындарының айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді.