Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Үкімет жазғы туристік маусымға дайындықты күшейтуде

30-03-2026, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірлердің жазғы туристік маусымға дайындығына арналған кеңес өтті.

Кеңеске туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, алты облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында Аида Балаева қатысушылардың жазғы маусымға дайындық деңгейі туралы есептерін тыңдады.

Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктері тарапынан өңірлерде жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтіліп, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау мәселелерінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Дайындық жұмыстарының барысын бақылауды ҚР Туризм және спорт министрлігі облыс әкімдіктерімен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе отырып үйлестіруде.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева бірқатар нақты тапсырма берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив