Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканы цифрландыру: Қазақстанда тауарды өндірушіден тұтынушыға дейін қадағалау жүйесі енгізілуде

Мемлекет басшысының экономиканы одан әрі цифрландыруға бағытталған тапсырмаларына сәйкес Қазақстанда «Сауданың цифрлық айнасы» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.
Оның сөзінше жоба тауардың тұтынушыға жетуіне дейінгі барлық кезеңдерді тіркеп отырады. «Сауданың цифрлық айна» моделі өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауар қозғалысының толық цифрландырды.
«Бұл модель тауардың код беру мен әкелуден бастап, дүкендегі сатылым мен тұтынушыға жеткізілуіне дейінгі барлық кезеңдерді тіркеп отырады. Осылайша біз тауардың тұтас циклын қамтитын толық цифрлық экожүйені құрамыз. Бірінші. Тауарларды каталогқа енгізу және кодтау бөлігіндегі шаралар іске асырылуда. Бұл – тауарлар, жұмыстар және қызметтердің бірыңғай классификаторын және Ұлттық тауарлар каталогын енгізу. Бұл жүйе тауарларды бірегей жүйе бойынша есепке алуға, тауарлардың атауын стандарттауға және олардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі тауарларды қадағалауға мүмкіндік береді», — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Министр биыл тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы классификаторы жүргізу тәртібін, Ұлттық тауарлар каталогтың ұғымын және оның міндетті түрде қолданылуын көздейтін қажетті заңнамалық нормалар қабылданғанын атап өтті. Қазіргі таңда классификация 1,3 млн тауарға жасалған. «Ұлттық тауарлар каталогі» мен «Электрондық тауарлар каталогын» жұмыстары аяқталуға жақын.
Ведомство басшысының сөзінше келесі маңызды элемент – тауарларды сертификаттау. Өткен жылы техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі (E-КТРМ) іске қосылған. Бүгінгі күні бұл жүйеде 100 мыңнан астам өтініш беруші, 1,5 мың аккредиттеу субъектісі тіркеліп, 3,5 млн-нан астам түрлі рұқсат құжаттары берілген.
Алайда, бірқатар мәселе бар.
- Бірінші. Аккредиттеу саласына кірмейтін сертификаттардың берілуі;
- Екінші. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қағаз сертификаттарының пайдаланылуы;
- Үшінші. Мемлекеттік органдар тексеру кезінде, оларда сертификация туралы ақпаратқа қолжетімділігінің болмауы.
Аталған мәселелерді шешу үшін:
- Форматтық-логистикалық бақылауды енгізу арқылы зертхана паспортындағы аккредиттеу салаларын толық цифрландыру.
Қағаз түріндегі «жалған сертификаттар» мәселесін шешу үшін:
- Техникалық реттеудің ақпараттық жүйені «Кеден» ақпараттық жүйесін, мемлекеттік сатып алулар паспортын, маркетплейстер және Еуразиялық экономикалық одақтың тізілімімен интеграциялау;
Мемлекеттік аппаратты ведомствоаралық үйлестіруді күшейту үшін:
- Е-КТРМ Ішкі істер, Ғылым және Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің жүйелерімен және Еуразиялық экономикалық одақтың тізілімімен интеграцияланады.
Министр жасырын экономиканың секторы орта және шағын бизнестің дамуын тежейтінін, бәсекелестікті төмендетіп, бюджетті айтарлықтай кірістерден айыратынын атап өтті. Осыған байланысты таңбаланатын тауарлар тізбесін кеңейту шаралары қабылдануда. Жаңа тауар топтарына қатысты таңбалауды енгізу мерзімдері осы жылдан бастап 2027 жылға дейін белгіленген. Тауарлардың қадағалануын қамтамасыз ету үшін бірқатар жоба іске асырылуда.
«Бірінші жоба “Қазақтелеком” акционерлік қоғамымен бірлесіп, Тауарларды қадағалаудың ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Жоба, тауар жеткізу тізбегі бойынша өнім көлемі мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры туралы мәліметтерді бірыңғай платформада онлайн қарастыруға мүмкіндік береді. Екінші жоба осы жүйе негізінде инновациялық агромаркетплейс әзірлеудеміз. Бұл жүйе өндірушілер, сауда желілері және мемлекеттік органдар арасында тікелей цифрлық байланыс орнатып, делдалдарды және ашық емес өткізу схемаларын жояды. Үшінші жоба – B2B маркетплейс. Жаңа форматтағы отандық B2B платформасын іске қосу пысықталуда. Ол көтерме импортты реттеуге, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Осыған орай, отандық электрондық платформаны әзірлеп, оған шетелдік электрондық платформалармен интеграциялау жоспарда бар», — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Оның сөзінше платформаны толық іске асыру үшін сертификаттау рәсімдеріндегі техникалық кедергілерді жою мәселесі пысықталуда және Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасындағы 1996 жылғы Келісімге өзгерістер енгізу мәселесі талқылануда. Сондай-ақ министрлік тарапынан Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көшу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын 15% сауда үстемесін бақылау күшейтіледі және халықтың әлеуметтік осал санаттарына арналған атаулы қолдау шараларын жүзеге асырылады.
Сонымен қатар тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын талдау модулі іске асырылады. Пилот шеңберінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлері беріледі. Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға болады. Пилотты Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында жүргізу жоспарлануда. Оған 5 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмек алушы кіреді. Жоба өңірлік сапарлар барысында Парламент депутаттары тарапынан қолдау тауып, қоғамдық талқылаудан сәтті өткен.
Сауда саласында күн сайын 25 млн-нан астам фискалдық чек тіркеледі. Платформада электрондық шот-фактуралары мен кассалық чектер деректерін салыстыруға негізделген сауда үстемесіне мониторинг жасау үшін сатып алу және бөлшек бағаларды айқындау, баға ауытқуларын анықтау, тауар санаттары, өңірлер мен жеткізушілер бойынша үстеме деңгейін бағалау жұмыстарына қатысты аналитикалық платформа әзірленіп жатыр.
Министрдің сөзінше бұған қоса азық-түлік қауіпсіздігі бойынша арнайы дэшбордтар енгізіледі. Бұл азық-түлік теңгерімін бағалап, тапшылық тәуекелдерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі виртуалды көмекші тестілеу сатысында.
Бұған қоса төмендегі жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- Ұлттық стандарттар қоры жөніндегі виртуалды көмекші;
- Сынақтар жүргізу үшін зертханалық базаны таңдау жөніндегі виртуалды көмекші;
- Сауда ағындарын болжау модулі.
Жоғарыда аталған бастамаларды іске асыру нәтижесінде:
- 2029 жылға қарай саудадағы нақты көлем индексі 10 %-ға артады;
- жасырын экономиканың деңгейі жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,82 %-ға дейін төмендейді;
- көтерме және бөлшек саудадағы еңбек өнімділігі 141,8 %-ға өседі;
- 2027 жылға қарай тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тиімділікті 77,1 %-ға дейін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.