Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
516.86 598.68 6.58

Әлеуметтік-еңбек саласына қатысты 18 мыңнан астам өтінішті ЖИ бар чат-бот өңдеді

23-09-2025, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Enbek» цифрлық экожүйесі аясында әлеуметтік-еңбек саласы бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың сәуір айында азаматтармен кері байланысты жеделдету және операторларға түсетін жүктемені азайту мақсатында интеллектуалды чат-бот іске қосылды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жасанды интеллект 18,7 мың өтінішті өңдеді.

Интеллектуалды чат-бот азаматтар мен байланыс орталығының арасындағы бастапқы өзара әрекетті автоматтандыруға арналған: пайдаланушыларға анықтамалық ақпарат беру, жиі қойылатын сұрақтар бойынша кеңес беру, сондай-ақ қажет болған жағдайда өтініштерді тиісті бөлімдерге жолдау функцияларын орындайды.

Чат-бот өтініштерді қабылдаудың бірыңғай кіру нүктесі ретінде жұмыс істейді және келесі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

– мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпаратты жедел ұсыну;

– цифрлық платформаларда бағдар алуға пайдаланушыларға көмек көрсету.

Жүйеге типтік өтініштерге автоматты түрде жауап беруге мүмкіндік беретін білім қоры жүктелген. Чат-бот қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді, бұл барлық санаттағы пайдаланушыларға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді.

Чат-ботты енгізу сұраныстарды өңдеу жылдамдығын арттыруға, операторлар жүктемесін азайтуға және азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда мәтіндік және дауыс арқылы берілген өтініштерді қоса алғанда, барлық өтініштердің 96%-ға дейінгі бөлігі жасанды интеллект арқылы автоматты түрде өңделуде.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында цифрландыруды жеделдетуді және жасанды интеллектіні кеңінен енгізуді тапсырған болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив