Шәкәрім университетінің студенттері: Еуропадағы білім және жаңа белестер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің дамуында ғылым, білім және инновацияны өзара байланыстыра отырып басқарудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Расында да, қазір Қазақстанның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – сапалы адами капиталды қалыптастыру, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады. Өйткені,ұлттық экономиканың іргетасы болып– кәсіби білікті, заманауи талаптарға бейімделген, ой-өрісі кең тұлғалар саналады.
Президент атап өткендей, ғылым саласында мемлекеттің үлесі басым болғанымен, оның қайтарымы әлі де мардымсыз болып тұр. Жаңа технологиялар, патенттер мен өндірістер жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Сол себепті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары оқу орындарымен тығыз байланыстырып, білім беру жүйесін инновациялық даму бағытына бейімдеу аса маңызды орын алады. Жасанды интеллектіні енгізу, университеттерге дербестік беру, дарынды жастарды қолдау – осы бағыттағы негізгі басымдықтар болып табылады.
Бұл тұрғыда Шәкәрім университетінің тәжірибесі назар аударуға тұрарлық екенін баса айтқымыз келеді.Соңғы жылдары университеттің білім алушыларыакадемиялық ұтқырлық бағдарламасына белсенді қатысып келеді. Академиялық ұтқырлық дегеніміз -бұл білім алушыларды немесе зерттеуші -оқытушыларды белгілі бір академиялық кезеңге, яғни семестр немесе оқу жылына басқа ЖОО-ға оқуға(ел ішінде немесе шетелге) немесе зерттеу жұмысын жүргізуге жіберу. Шәкәрім университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруда Ресей, Өзбекстан,Оңтүстік Корея,Түрік, Польша, және т.б көптеген мемлекеттердің оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылған.
2024–2025 оқу жылында Бизнес және коммуникация жоғары мектебінің БУФ-201 тобының студенттері Максутова Әсел мен Мырзахметова Дильназ Польша мемлекетінің Быдгощь қаласындағы WSG University (University of Economy in Bydgoszcz) университетінде білім алып қайтты. Сонымен қатар осы мектепте білім алушы Есенгельди Эльнора Сапарғалиқызы қосдипломдық бағдарлама аясында, дәл осы университетте білімін жалғастырып, бухгалтерлік есеп және қаржы мамандығына қосымша, спорт және рекреация менеджері мамандығы бойынша диплом иегері атанды. Бұл сапарбілім алушыларға:
· жаңа ортаға бейімделуге тәжірибе болды;
· еуропалық білім беру жүйесімен танысуға;
· ағылшын және поляк тілдерін жетілдіруге;
· мәдениетаралық ортада қарым-қатынас жасауға;
· кәсіби құзыреттерін дамытып, жаңа мамандық игеруге мүмкіндік берді.
Нәтижесінде білім алушылар тек академиялық білімін тереңдетіп қана қоймай, жаңа ортада бейімделу, жауапкершілік пен уақытты тиімді басқару сияқты дағдыларын шыңдады. Бұл дағдылардың қазіргі еңбек нарығында аса қажет екені белгілі. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы болашақта кәсіби тұрғыдан дамуға, сонымен қатар жеке тұлға ретінде өсуге үлкен әсер етті. Бұл тәжірибе білім алушылардыжаңа деңгейге көтеріп, жаңа мақсаттарға, жаңа биіктерге жетелейтіні сөзсіз.
Осылайша, Шәкәрім университетінің тәжірибесі Жолдауда айтылған стратегиялық бағыттардың нақты іске асуын көрсетеді. Академиялық ұтқырлық – жастардың дүниетанымын кеңейтіп, олардың ғылыми-зерттеу және кәсіби әлеуетін арттыратын тиімді құрал болып табылады. Болашақта осындай бағдарламаларды кеңейту арқылы біз халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, сапалы адами ресурстарды қалыптастыра аламыз.
Президент атап өткендей, елімізге ұлтына қарамай, жаңа идея әкелетін білікті мамандар керек. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін ең алдымен өзіміздің жастарымызға жағдай жасауымыз қажет. Шәкәрім университетінде жүзеге асырылып отырған академиялық ұтқырлық бағдарламалары – осы мақсатқа қызмет ететін нақты қадам екені күмәнсіз.
Искакова М.С. PhD, аға оқытушы
Габдуллина Л.Б. PhD, аға оқытушы
Бизнес және коммуникация жоғары мектебі, «Экономика және қаржы» кафедрасы, Шәкәрім университеті