Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.87 535.09 5.42

Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ ынтымақтастығы нығая түсті

26-09-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 25 қыркүйегінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың төрағалығымен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Отырыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы және мүлік иелері бірлестіктерінің қызметіне қатысты мәселелер, сондай-ақ Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Негізгі баяндамалармен қатар, ҮЕҰ өкілдерінің ұсыныстары да тыңдалды.

Кеңес мүшелері уәкілетті және жергілікті органдар тарапынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерге ерекше назар аударудың, сондай-ақ азаматтық сектор өкілдерімен өзара байланысты күшейтудің маңызын атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік құрылымдар мен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың мүддесі үшін бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға арналған ұсыныстар әзірленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив