Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.87 535.09 5.42

«Айбалта» оқу-жаттығуы: ұрыс қимылдарын жүргізудің жаңа тәсілдері сыналды

26-09-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Маңғыстау облысында өтіп жатқан «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері, Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштерінің армиялық авиациясы мен тікұшақпен іздеу-шабуылдау тобы жұмылдырылды.

Әскери қызметшілер барлау және барлау-ұрыс жүргізу тапсырмаларын күндізгі және түнгі жағдайларда, заманауи техникалық құралдарды қолдана отырып орындады. Жауынгерлердің жасырын әрі батыл әрекеттері шартты қарсыластың жоспарын уақтылы анықтап, нысаналарға соққы беру үшін деректерді дәл жеткізуге мүмкіндік берді.

Барлаушылардың жетістігін тікұшақпен іздеу-шабуылдау тобының әскери қызметшілері одан әрі нығайтты. Олар қарсылас тылының аумағына түсіп, маңызды позицияларды басып алып, ұрыста тактикалық басымдыққа қол жеткізді. Бұл әрекеттерге армиялық авиация белсенді түрде қолдау көрсетті.

Оқу-жаттығу эпизодтары барысында маневрлік ұрыс қимылдарын жүргізудің жаңа тәсілдері сәтті сыналды, сондай-ақ жердегі бөлімшелер мен әуе экипаждарының үйлесімді өзара іс-қимылы көрсетілді.

Оқу-жаттығу басшылығы әскери қызметшілердің далалық машығын, бөлімшелердің тез өзгеретін тактикалық жағдайда тапсырмаларды орындауға және кез келген қауіп-қатерге төтеп беруге дайындығын жоғары бағалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив