Барнауыл қаласында салт-дәстүрімізді дәріптеп қайтқан семейлік тұрғындарға құрмет көрсетілді
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Ресейдің Барнауыл қаласына барып, салт-дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған семейлік азаматтар, Гринев, Неклюдов және Жаймұхамедовтар отбасын қабылдады.
Биылғы 6 қыркүйек күні жерлестеріміз Барнауыл қаласында болған құдалыққа қатысып, шапан, тақия секілді ұлттық киімдерімізді киіп, қазақы дәстүрмен шашу шашып, береке-бірліктің, достық пен туыстықтың үлгісін көрсетіп қайтты. Әлеуметтік желілерде тойдан жарияланған видеоға жұртшылық тарапынан жылы лебіздер айтылып, этностар арасындағы сыйластық пен құрметтің үлгісі ретінде бағаланды.
Кездесу барысында аймақ басшысы жерлестеріміздің қуанышты рәсімдегі әрекеттерінің ел бірлігін нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті.
Кездесуде сөз алған күйеу жігіттің әжесі, зейнеткер Галина Неклюдова тойға арнайы дайындалмағанын, алайда қазақ елінен келгенін көрсетуді, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуді мақсат екенін айтты.
Кездесу барысында Барнауылға барып отанға деген сүйіспеншіліктің үздік үлгісін көрсетіп қайтқан жандарға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен облыс әкімінің Алғыс хаттары тапсырылды.
Бүгінде өңірімізде 50-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Облыстағы 5 Достық үйі мен 46 этномәдени бірлестік ынтымақ пен береке-бірлікті нығайтуға өз үлесін қосып отыр.