Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Алматыда Қазақстан-Ресей екінші медиафорумы өтті

29-09-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда Қазақстан-Ресей екінші медиафорумы ұйымдастырылды. Оған екі елдің жетекші медиақұрылымдарының басшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мен Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков медиафорум қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі.

Мемлекеттік кеңесші өз сөзінде: «Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзгелерге үлгі боларлық сипатта екенін үнемі атап өтеді. Осындай өте жоғары деңгейдегі ықпалдастықты сақтау екіжақты қарым-қатынастың барлық бағытындағы күнделікті жүйелі жұмысты қажет етеді», – деп атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші елімізде жүргізіліп жатқан өзгерістердің елеулі нәтижелері туралы айтып берді. Ерлан Қарин БАҚ саласындағы ынтымақтастыққа тоқталып: «Әлемдегі түбегейлі өзгерістер мен ақпараттық күн тәртібінің тұрақты жаңаруы жағдайында бізді ортақ мақсат жолында біріктіретін және алға бастайтын дүниелерді сақтап, әрі қарай дамытуымыз керек», – деді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив