Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Мемлекеттік кеңесші этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді

30-09-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Алматы облысының әкімі қатысты.

Жиында этносаралық қатынастарды дамытудың өзекті мәселелері, мемлекеттік аппарат жұмысына жаңа тетіктерді енгізу, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталған идеологиялық қызметті жетілдіру шаралары қарастырылды.

Мемлекеттік кеңесші идеологиялық жұмыстың формаларын үнемі жаңғырту, жауапкершілік пен сыйластық мәдениетін ілгерілету қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды шарты екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған күш-жігерді біріктіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив