XII Азаматтық форум қарсаңында Төтенше жағдай министрлігі ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

2025 жылдың 30 қыркүйегінде, XII Азаматтық форум қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың үкіметтік емес ұйымдар мен волонтёрлік бірлестіктермен кездесуі өтті. Жиында төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарымен жұмыс істеу бойынша өзара байланысты нығайту мәселесі көтерілді.
Қатысушылар табиғи және техногендік қатерлер көп кезеңде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде азаматтық қоғамның рөлі ерекше екенін атап өтті. ҮЕҰ мен волонтёрлік қозғалыстар профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырып, тұрғындарға алғашқы көмек көрсетуді үйретіп, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарына белсене атсалысып келеді.
Төтенше жағдайлар министрлігі үкіметтік емес ұйымдар мен волонтёрлермен ынтымақтастықты кеңейтудің маңызын атап өтіп, оларды азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауда сенімді серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді.