Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.73 546.57 6.19

4,5 млн тонна көмір өңірлерге жеткізілді: қысқа дайындық жалғасуда

1-10-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

1 қазанда Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаевтың төрағалығымен тұрғындар мен коммуналдық секторды көмірмен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.

Кездесуге Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы, сондай-ақ ірі көмір өндіруші кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Отырыста өңірлердің көмір дайындығы бойынша жоспарлардың орындалуы, жүк вагонымен қамтамасыз ету, өңірлік операторлардың жұмысы туралы есептер тыңдалды.

Толығырақ алғанда, биыл тұрғындар мен коммуналдық секторға қажетті көмір көлемі 7,4 млн тонна деп белгіленсе, бүгінге дейін 4,5 млн тонна немесе жоспардың 62 %-ы орындалған.

Сонымен бірге, кейбір өңірлерде ай сайынғы әрі жылдық жоспарға сәйкес көмірдің қолжетімділігі мен жеткізілуін бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша, өңірлік атқарушы органдар мен көмір өндіруші кәсіпорындарға өңірлерде көмірге жасанды ажиотаж жасауға жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив