Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
546.96 642.73 6.7

Ақтауда Түркі әлемі киносаммиті өтті

Кеше, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

2 қазан күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде халықаралық «Қорқыт ата» кинофестивалі аясында Түркі әлемі киносаммиті ұйымдастырылды. Іс-шараның басты тақырыбы – «Түркі әлемі және кино: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері».

Киносаммит – мемлекеттік органдар, ұлттық киноорталықтарды, сарапшылар мен кинематографистерді бір алаңға біріктірді. Іс-шара барысында кино саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері, халықаралық копродукцияның болашағы мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ кино өнері арқылы мәдени байланыстарды тереңдету жолдары қаралды.

Саммиттің алғашқы панелі түркі елдеріндегі кино саласындағы мемлекеттік саясатқа арналды. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали баяндама жасап, соңғы алты жылдағы орталықтың жүйелі жұмыс нәтижелерін ұсынды. Осы кезеңде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және орталықтың қолдауымен 119 киножоба жүзеге асырылды, оның ішінде жас режиссерлердің 34 дебюттік фильмі бар. Қазақстандық картиналар 300-ден астам халықаралық кинофестивальге қатысып, 177 жүлдеге ие болды. Бұл ұлттық кинематографияның сапасы мен сұранысының артып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Бірінші панельде Әзербайжан Республикасы Киноагенттігі бас директорының орынбасары Гурбан Примов ортақ кинонарық құрудың мүмкіндіктерін баяндап берсе, Қырғыз Республикасы Кинематография департаментінің халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Нұргүл Молдошева Қырғызстан киноиндустриясын дамыту мен қолдау стратегиясын, оның ішінде мемлекеттік саясат пен халықаралық әріптестік мәселелерін ұсынды.

Екінші панель бірлескен киножобаларды қолдау және копродукцияға арналды. Өзбекстан Республикасы Кинематография агенттігінің төрағасы Шухрат Ризаев бірлескен өндірістердің ұлттық киноны ілгерілетуге ықпалы туралы баяндама жасады.

Киноның ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, жалғасатын қымбат рухани мұра ретіндегі маңызы жайында «Түрікменфильм» бірлестігі төрағасының орынбасары Сахысалық Байрамов өз ойын бөлісті.

Панельдің қорытынды баяндамасында Түркия Республикасы Кинематография дирекциясының бас маманы Нихат Дегирменджи түрік киноиндустриясы мен түркі әлемі елдері арасындағы бірлескен өндірісті кеңейту мүмкіндіктеріне тоқталды.

Киносаммит – түркі әлемі елдерінің кинематография саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өзара байланыстың жаңа форматтарын табуға деген ұмтылысты көрсеткен маңызды пікірталас алаңы болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив