Абай облысында 379 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.
Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және оларды қалпына келтіру табылады.
Ағымдағы жылдың ішінде Департамент мемлекеттік қызметтегі 379 азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруді қамтамасыз етті. Жүргізілген талдау көрсеткендей, бұзушылықтардың көпшілігі қызметкерлердің іссапар шығындары мен еңбек демалысы төлемдерін уақытылы өтеу жүйелі түрде бұзылғандығын атап өткен жөн. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 2 475 170 теңгені құрайтын іссапар шығыстары өтелді.
Сондай-ақ, мониторинг барысында жыл сайынғы еңбек демалысына қаражатты уақтылы төлемеу фактілері анықталды. Департаментпен тиісті төлемдерді кешіктіргені үшін жалпы сомасы 267 195 теңгеден астам өсімпұл өндірілді.
Бұдан басқа, жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мемлекеттік органдарға бару арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде 64 мемлекеттік қызметшіге жалпы 195 сағаттан астам демалыс уақыттары берілді,
25 қызметшіге 87 377 теңге көлемінде қосымша ақы төленді.
Айта кету керек, мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс атқаруы міндетті түрде өтелуге тиіс. Бұл өтемақы қосымша демалыс күндері (сағаттары) түрінде немесе мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес ақшалай түрде жүзеге асырылады.
Осы бағыттағы жұмыстар әрі қарай тұрақты түрде жүргізіліп, заңнамаға сәйкес қажетті шаралар қабылданатын болады.
Руслан Шамелұлы Шарипов
МҚІА Абай облысы бойынша Департамент басшысы,Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы