«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 1000 жас маусымдық жұмыспен қамтылды

Жастар саясаты мемлекетіміздің стратегиялық дамуы үшін аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Олжас Бейсенбаев баяндады.
«Жасыл ел» бағдарламасы да жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл бағдарлама аясында 1000 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Оның ішінде студенттерден бөлек NEET санатындағы жастар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тартылды. Барлық қатысушылар еңбек шартымен рәсімделіп, арнайы киім-жабдықпен қамтылды. Айлық еңбекақы 85 мың теңге көлемінде төленіп, қосымша 35 394 теңге мөлшерінде төлем қарастырылды.
Спикердің айтуынша. облыста жастар саясаты жүйелі түрде іске асырылып келеді. Жастарды еңбекке тарту, білім беру сапасын арттыру және NEET санатындағы жастардың санын қысқарту бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл жұмыстар алдағы кезеңде де жалғасын табатын болады.