Зымыран әскерінің далалық оқу-жаттығулары өтті
Абай гарнизонында орналасқан 36803 әскери бөлімінің жеке құрамы «Шығыс» түраралық оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік шеберліктерін шыңдайтын далалық оқу-жаттығуларын өткізді. Оның барысында әскерилер жауынгерлік машинадан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды. Жеке құрам қауіпсіздік шараларын, атуды орындау тәртібін зерделеп, оқ-дәрілерді салу бойынша нормативтерді орындады, сондай-ақ бөлімшені және зымыран жүйесін жауынгерлік жағдайға көшіру бойынша жаттығуларды іске асырды. Кейін «Смерч» дүркіндетіп ату реактивті жүйесімен шартты жауды білдіретін нысаналарға оқ жаудырды.
«Смерч» дүркіндетіп ату реактивті жүйелері арқылы атылған зымыран ұзақтығы 90 шақырымға дейін жетеді. Бір қондырғыда зымырандарға арналған 12 бағыттауышы бар және оқ ату қуатына ие. Бір атыспен «Смерч» 280 гектар болатын аумақты талқандай алады.
36803 әскери бөлімінің дивизион командирі майор Саян Судьяновтың айтуынша, әскери бөлімінің зымыраншылары қатысқан тактикалық оқу-жаттығулары жоғары деңгейде өткізілді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі