Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының 30 жылдық мерейтойына арналған отырысы өтті

11-10-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шара Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналды.

Отырыстың жұмысына клуб мүшелері, БАҚ өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі мамандары мен блогерлер қатысты.

Бағдарлама аясында этносаяси терминологияны қолдану, жаңа медианың этножурналистикаға ықпалы және антикризистік PR тақырыптары бойынша тренинг ұйымдастырылды.

Кездесу қорытындысында ҚХА журналистер клубы мен Бас редакторлар клубы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив