Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Нұржан Келбуғанов ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды

11-10-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы көлік министрінің бұйрығымен Нұржан Амангелдіұлы Келбуғанов Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, М. Әуезов атындағы Семей университетін бітірген.

Еңбек жолын «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Алматы жол бөлімшесі» филиалының паркі бойынша кезекші болып бастаған. 

1996–2015 жылдары – теміржол саласында тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, станса бойынша кезекші, орталықтандыру бекетінің аға операторы, жол диспетчері және бірқатар стансаның бастығы болып жұмыс істеген.

2015–2024 жылдары – «ҚТЖ «ҰК» АҚ-да – компанияның «Ақмола жол бөлімшесі» филиалының жедел жұмыс жөніндегі директорынан бастап, «ҚТЖ–Жүк тасымалы» бас директорының маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасарына дейін әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

2024 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив