Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
539.06 623.75 6.63

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр KT&G корпорациясының президенті Бан Кён Манмен кездесті

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Оңтүстік Кореяның Korea Tomorrow & Global (KT&G) корпорациясының президенті Бан Кён Манмен кездесті.

Жиында компанияның Қазақстандағы өндірістік қызметін дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және экологиялық бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды.

Роман Скляр Қазақстан экономикасына KT&G компаниясының қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті. Биылғы сәуір айында Алматы облысында құны шамамен 70 млрд теңге болатын жаңа KT&G Kazakhstan зауыты іске қосылып, 130 жұмыс орны ашылды.

KT&G компаниясының ҚР Экология министрлігі және AFoCO ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылатын Абай облысындағы орман алқаптарын қалпына келтіру жөніндегі Green Globe Project-ке қатысуына ерекше назар аударылды. Компанияның қаржылық қолдауы аясында 2027 жылға дейін 100 гектардан астам орман қалпына келтіріледі.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін жеткізді.

Анықтама:

Korea Tomorrow & Global (KT&G) – Оңтүстік Кореяның жетекші темекі компаниясы және әлемдегі бесінші ірі өндіруші, 1899 жылы құрылған. Компания 130-дан астам елде қызмет атқарады және Корея, Индонезия, Ресей, Түркия және Қазақстандағы өндірістік кәсіпорындарға иелік етеді. Темекі өнімдерін өндіруден бөлек, KT&G фармацевтика, биотехнология және функционалды тағам өнімдері салаларын белсенді түрде дамытып келеді.

2025 жылдың сәуір айында ашылған KT&G Kazakhstan зауыты корпорацияның Орталық Азиядағы алғашқы кәсіпорны болып табылады және Еуразия нарықтарына арналған өндірістік алаң қызметін атқарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив