Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
539.06 623.75 6.63

Сенат депутаттары жаңа Бюджет кодексі аясында бюджет үдерісін іске асыру мәселелерін талқылады

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Қызылорда облысында көшпелі отырыс өткізіп, жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес бюджет үдерісін жүзеге асыру мәселелерін қарастырды. Іс-шараға Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов бастаған Сенат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар мен мәслихаттардың өкілдері, сондай-ақ салалық министрліктер мен қоғамдық ұйымдардың мамандары қатысты.

Комитет төрағасы бюджет үдерісін өңірлерде талқылау нақты мәселелерді анықтап, оларды шешу үшін уақтылы ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Биыл қабылданған жаңартылған Бюджет кодексі мемлекеттік қаржыны басқару жүйесін жетілдіруге, бюджет үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Маңыздысы – оның нормалары қағаз жүзінде ғана емес, өңірлер деңгейінде де нақты жұмыс істеуі керек», – деді сенатор.

Сұлтанбек Мәкежанов сонымен қатар өңірлердің қаржылық дербестігін кеңейту және бюджетааралық қатынастар саласында тәртіпті күшейтудің маңыздылығына назар аударды.

«Мемлекет басшысы бюджетааралық қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Қазіргі таңда көптеген өңірлер субвенциялық болып қалып отыр, сондықтан трансферттерді бөлудің теңгерімді тетіктерін әзірлеу қажет. Бұл азаматтардың әлеуметтік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді», – деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Отырыс барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаментінің директоры Гульором Муллабаева және салалық министрліктердің өкілдері баяндама жасады. Сондай-ақ сенаторлар Қызылорда облысындағы бірқатар өндірістік және инфрақұрылымдық нысандардың, соның ішінде тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары мен жаңа жылу электр орталығының жұмысымен танысты. Депутаттар ауылдық елді мекендерге барып, жергілікті тұрғындармен әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымды жаңғырту және шағын бизнесті қолдау мәселелерін талқылады.

«Көшпелі отырыстың нәтижелері бюджет саясатын және бюджетааралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге негіз болады. Жаңа үшжылдық кезең аясында жалпы сипаттағы трансферттер өңірлердің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және инфрақұрылымдық теңсіздікті азайтуға ықпал етеді деп сенеміз», – деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив