Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
539.06 623.75 6.63

Ұлттық құрылтай мүшелері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерімен бірге «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясына қатысты.

Былтыр Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған акция бүгінде халықтық сипатқа ие болып отыр.

Мемлекеттік кеңесші мен Ұлттық құрылтай мүшелері Астана және Алматы қалаларында ағаш отырғызды.

Ұлттық құрылтай мүшелері «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, бұл бастаманың қоғамды біріктіруде әрі экологиялық мәдениетті дамытуда маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ азаматтарды акцияны қолдауға бағытталған жобаларға белсене атсалысуға шақырды.

Ерлан Қарин акцияға қатысқан Ұлттық құрылтай мүшелеріне алғыс айтып, «Таза Қазақстан» бастамасы еліміздің идеологиялық платформасының маңызды құрамдас бөлігі екенін еске салды.

Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші аталған акция елімізге, қоршаған ортаға жауапты әрі ұқыпты қарауға шақыратынын, қоғамдағы әдеп мәдениетіне оң әсер ететінін жеткізді.

Осылайша, «Таза Қазақстан» акциясы жаңа қоғамдық этика мен әдеп мәдениетін қалыптастырудың негізіне айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив