Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
539.06 623.75 6.63

XII Азаматтық форум қарсаңында білім беру саласының болашағы талқыланды

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

XII Азаматтық форум аясында ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың білім беру және балалардың құқығын қорғау саласында жұмыс істейтін қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті.

Жиынға Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова, сондай-ақ 170-тен астам үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Іс-шара мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылауға арналған алаңға айналды. Қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие, қосымша білім беру, инклюзивті орта қалыптастыру және министрлікпен өзара байланысты жетілдіру мәселелері бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Жұлдыз Сүлейменова балаларды қорғау, тәрбиелеу және оқыту саласындағы бастамаларды табысты іске асыру азаматтық сектордың ықпалынсыз мүмкін еместігін атап өтіп, ҮЕҰ-мен тұрақты және ашық диалог орнатуға дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша министр азаматтық қоғам өкілдерін Қоғамдық кеңес жұмысына белсенді қатысуға және білім беру жүйесін дамытуға бағытталған нақты бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив