Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
539.06 623.75 6.63

Қазақстанда 24,6 млн тонна астық бастырылды

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,1 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 94,1%-ы жиналды. Нәтижесінде 24,6 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,1 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,7 центнер өнімділікпен 2,7 млн тонна картоп және гектарына 307,9 центнер өнімділікпен 3,6 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 323,5 ц/га өнімділікпен 431 мың тонна қырыққабат, 440,7 ц/га өнімділікпен 1026,8 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,5 ц/га өнімділікпен 374,3 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив