Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай1°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-4°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау-3°С
  • Курчатов10°С
  • Көкпекті-4°С
  • Үржар-0°С
537.77 622.95 6.65

Абай облысының колледж оқытушысы ЖИ саласында жаңа мамандықтар ұсынды

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен республикалық «Mugalim Talks» алаңы өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам ұстаз, ғалым және студент қатысты. Биылғы кездесудің басты тақырыбы жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру және мұғалімнің рөлі болды.

Кездесу барысында спикерлер өз тәжірибелерін бөлісіп, білім мен технологияның жаңа бағыттары туралы ойларын ортаға салды. Абай облысының атынан Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі директорының орынбасары Асхат Мұханов қатысып, «Жасанды интеллект және оның білім беру жүйесіндегі мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.

Асхат Мұханов жасанды интеллектіні мұғалімнің сенімді серіктесі ретінде қарастырудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, ЖИ технологияларын тиімді пайдалану оқу процесін жетілдіріп, академиялық адалдықты нығайтуға және студенттердің сыни ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ол білім беру саласында жасанды интеллектіні енгізу және дамыту жөнінде бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, әр оқу орнында ЖИ қолданудың ашық әрі этикалық ережелерін бекіту, оқушылар мен студенттерге арналған «AI сауаттылығы» пәнін енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде «AI-бағдарламашы» жаңа мамандық ашу арқылы елдің кадрлық әлеуетін арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ қолданбалы бакалаврдың мәртебесін айқындау мәселесін көтерді.

Кездесу соңында партия төрағасы Ерлан Қошанов бірқатар ұстазға, соның ішінде Асхат Мұхановқа да, «Ұстаз – ұлт айнасы» төсбелгісін табыстап, педагогтердің қоғамдағы ерекше рөлі мен еңбегін жоғары бағалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив