Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
471.04 538.54 6.17

Абай облысының колледжі халықаралық марапатқа ие болды

14-10-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Ақтау қаласында TurkihSkills халықаралық чемпионаты өтті. Шара аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздіктері марапатталды.

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Стартаптар мен инновациялық жобалардың орталығы» номинациясы бойынша жоғары марапатқа Абай облысы білім басқармасының IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі ие болды.

Марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова табыстады. Ол колледждің инновациялық инфрақұрылымды дамытуға, студенттік стартаптарды қолдауға және заманауи технологияларды білім беру процесіне енгізудегі еңбегін атап өтті.

Бұл жетістік – колледж ұжымының оқу процесіне жаңа тәсіл енгізудегі және студенттердің кәсіпкерлік пен инженерлік құзыреттерін дамытудағы жүйелі жұмысының нәтижесі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив