Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
539.56 627.35 6.84

Қазақстан СІМ-де Дания Елшісімен кездесу өтті

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Дания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы (резиденциясы Мәскеу қаласында орналасқан) Елшісі Йеспер Вармен кездесу өткізді.

Тараптар қазақ-дат қатынастарының жай-күйі мен дамуының перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілік бар екенін атап өтті.

А.Исетов қазақ тарапының Даниямен өзара тиімді серіктестікті, әсіресе орнықты даму, түрлі салаларда озық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу жөніндегі басымдықтарды іске асыру контекстінде жан-жақты дамытуға мүдделілігін атап өтті.

Дания Елшісі екі елдің сыртқы саяси ведомстволары мен іскер топтары арасындағы диалогты ілгерілетуге, сондай-ақ энергия тиімділігі мен су ресурстарын басқару саласындағы тәжірибе алмасуды жолға қоюға барынша жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар екіжақты және көпжақты форматтарда диалог пен белсенді өзара іс-қимылды жалғастыру ниеттерін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив