Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: Жолдау төңірегіндегі ашық алаң
Шәкәрім университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі тезистері талқыланған ашық алаң өтті.
Шараға Цифрлық технологиялар және құрылыс жоғары мектебі профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары және арнайы шақырылған сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында Жолдауда көтерілген жасанды интеллектті дамыту, цифрлық технологияларды енгізу, инновациялық шешімдерді қолдау, білім беру жүйесін жетілдіру және жастардың жаңа дәуір талаптарына бейімделуі секілді маңызды бағыттар жан-жақты қарастырылды.
Ашық алаң студенттерге, оқытушыларға және сарапшыларға жасанды интеллектке арналған бастамаларын талқылап, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік берді.
Спикерлер Жолдауда көрсетілген міндеттердің ел дамуына, соның ішінде ғылым мен білімнің өркендеуіне, жастардың жаңа технологияларды игеруіне тың серпін беретінін атап өтті.
Шара соңында сарапшыларға университет ректоры Думан Рымғалиұлының атынан алғыс хаттар табысталды.










