Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
471.04 538.54 6.17

Көкпекті ауылында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды

30-09-2025, 14:11 018.kz

Көкпекті ауылында қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында жаңа бейнебақылау камералары орнатылды. Аталған бастама елді мекен аумағында тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Жаңа бейнебақылау жүйелері адамдар көп шоғырланатын орындарға, қоғамдық маңызы бар аумақтарға және қозғалыс қарқынды нүктелерге орналастырылды. Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдарына жағдайды тәулік бойы бақылауға, күмәнді әрекеттерді дер кезінде анықтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Аталған шара тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және ауылдағы жайлы әрі қауіпсіз орта құруға оң ықпал етеді. Алдағы уақытта да Көкпекті ауылында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив