Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында көшпелі лекторий өтті

2-10-2025, 14:44 018.kz

Көкпекті ауданында мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері, мұғалімдер, жастар, этномәдени бірлестіктер және аудан тұрғындарының қатысуымен көшпелі лекторий ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында этносаралық келісімді сақтау және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар азаматтық қоғамдағы өзара тығыз іс-қимылдың маңыздылығына ерекше назар аударып, қоғамдағы әрбір тұлғаның бірлікті нығайтудағы рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйекте жарияланған Жолдауының өзектілігі сөз болды. Президент өз Жолдауында:

«Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет», – деп атап өтті.

Осы сөздер лекторийдің басты идеясына айналып, патриотизмді тәрбиелеу, ұлттық бірлікті нығайту және жауапты азаматтық қоғам қалыптастыру жолындағы ортақ еңбектің маңыздылығын көрсетті. Кездесу қатысушыларға өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ жас ұрпаққа азаматтық сананы қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив