Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.29 562.92 6.1

Семейдегі ірі сауда орындары жаңғыртылады

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда орындарын жаңғырту мәселесі қаралды.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбековтың айтуынша, «Сауда қызметін реттеу туралы» заңға және Сауда және интеграция министрлігі бекіткен жол картасына сәйкес Абай облысында үш ірі сауда базарын – «Мереке», «Смокк» және «Ақшың» базарларын кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарланған. Жол картасына сәйкес 2026 жылдың соңына дейін «Мереке» және «Смокк» базарларын, ал 2028 жылға дейін «Ақшың» базарын жаңғырту көзделген.

Жиында Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев облыс орталығындағы сауда орындарының жаңғырту жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді. «Смокк» базары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, су құбыры мен кәріз желілері тартылған, электр қуатын арттыруға техникалық шарттар алынған. Тек жылумен жабдықтауға қатысты мәселе туындап отыр. «Мереке» базарын жаңғырту жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылыс-монтаж жұмысын бастауға мүмкіндік беретін қорытынды алынған. Жоба аясында жалпы ауданы 7 мың шаршы метр болатын екі қабатты жаңа сауда ғимараты салу жоспарланған.

Аймақ басшысы Семей қаласының әкіміне «Смокк» базарын жылумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнымен бірлесіп баламалы жылу көздерін пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. «Мереке» базары жобасының мемлекеттік сараптамадан өту процесін аяқтап, сауда орындары маңындағы көлік қозғалысын оңтайландыру қажеттігін айтты.

«Қаралып отырған мәселе тек орталықтан бекітілген Жол картасын жүзеге асырумен шектелмейді, талқыланған мәселе тұрғындар мен саудагерлерге қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар, облыс орталығының жаңа, заманауи келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Берік Уәли.

Қазіргі уақытта облыс аумағында 23 сауда базары жұмыс істейді, онда 3 мыңнан астам сауда орны бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив