Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Қазақстанға үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 заңбұзушылық анықталды

17-03-2026, 12:00 018.kz

2026 жылдың басынан бері ҚР АШМ АӨК-тегі мемлекеттік инспекторлар өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы бойынша үшінші елдерден еліміз аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 деректі анықтады.

Карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді әкелу әрекеттерінің жолы кесілді.

Заңбұзушылықтардың негізгі себептері фитосанитариялық сертификаттардың болмауы, карантиндік объектілердің анықталуы, сондай-ақ белгіленген фитосанитариялық нормалардың сақталмауы болды.

Тексерулер қорытындысы бойынша өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, карантиндік объектілердің енуі мен таралуының алдын алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін қорғауға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив