Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды

17-03-2026, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасында республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды. Референдумның Орталық комиссиясы ресми дауыс беру нәтижелерін жариялады. Референдумға 9 127 192 азамат қатысты, бұл дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 73,12%-ын құрады. Референдумға қатысқандардың 87,15%-ы, яғни 7 954 667 азамат, жаңа Конституцияны қолдады. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға сәйкес, референдумға дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысса, референдум өткен болып саналады.

2026 жылғы 15 наурыз күні республикалық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қол қойып, сондай-ақ «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, Конституция нормаларын іске асыруға бағытталған кешенді шаралар қабылданады және нормативтік-құқықтық актілер оны сәйкестендіру үшін қайта қаралады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президентінің заң шығару бастамасы бойынша бірқатар конституциялық заң жобалары Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне ұсынылады.

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституция мәтіні ресми түрде республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдарында жарияланатын болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив