Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
486.2 557.82 6

Мәжіліс I оқылымда Мемлекеттік қызмет туралы заң жобасын және Еңбек кодексіне енгізілетін түзетулерді қарайды

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттарға бірінші оқылымда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» үкіметтік заң жобасын қарау ұсынылады. Құжат мемлекеттік қызметті сервистік және халыққа бағдарлану қағидаттарына негізделген модельге көшіруді көздейді.  Заң жобасы мемлекеттік аппараттың кәсібилігін одан әрі арттыруға және HR-процестерді цифрландыруға да бағытталған. Сонымен қатар құжатта мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен олардың лауазымдық міндеттері айқындалып, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру шаралары да қарастырылған.

Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар бастамашы болған еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қарайды. Атап айтқанда, Еңбек кодексіне қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған нормаларды енгізу ұсынылады. Соның ішінде еңбек заңнамасының қағидаттары мен кепілдіктерін еңбек саласында ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы ережелермен толықтыру көзделген. Түзетулер арқылы жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру, мемлекеттік еңбек инспекциясымен, жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-әрекет жасау, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері бекітіледі. 

Сонымен қатар депутаттар жалпы отырыста Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді қарайды.

Бұдан бөлек, Мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция, Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, сондай-ақ Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру бойынша келісімді ратификациялау туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив