ККМ және POS-терминалдар: айыппұлдан құтылу үшін кәсіпкерлер нені білуі керек
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 110-бабына сәйкес, ел аумағында барлық ақшалай есеп айырысулар деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.
Бұл ретте тек БКМ тізіліміне енгізілген модельдерді пайдалануға рұқсат етіледі (егер заңнамада өзгеше көзделмесе).
Кімдер БКМ қолданудан босатылады
Салық кодексінің 110-бабының 2-тармағына сәйкес, келесі тұлғалар БКМ қолданудан босатылады:
▪️ жеке тұлғалар;
▪️ жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар;
▪️ қоғамдық қалалық көлікте жолаушыларды билет арқылы тасымалдайтын тұлғалар;
▪️ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
▪️ екінші деңгейдегі банктер;
▪️ діни бірлестіктер;
▪️ ұлттық пошта операторы (телекоммуникация желісі жоқ елді мекендерден басқа);
▪️ арнайы мобильді қосымша арқылы есеп айырысатын тұлғалар.
Ерекше жағдайлар
▪️ Байланыс желісі жоқ аймақтарда жұмыс істейтін салық төлеушілер деректерді беру функциясы жоқ БКМ қолдана алады;
▪️ Сауда автоматтары мен төлем терминалдары міндетті түрде БКМ-мен жабдықталуы тиіс.
БКМ болмағаны үшін жауапкершілік
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 284-бабына сәйкес:
Келесі жағдайларда жауапкершілік қарастырылған:
▪️ БКМ-ның болмауы;
▪️ ақаулы БКМ пайдалану;
▪️ тіркелмеген БКМ қолдану.
Бірінші рет – ескерту беріледі.
Қайталанса (1 жыл ішінде):
▪️ шағын бизнеске – 15 АЕК;
▪️ орта бизнеске – 30 АЕК;
▪️ ірі бизнеске – 50 АЕК.
📌 2026 жылы 1 АЕК – 4325 теңге.
POS-терминал болмағаны үшін жауапкершілік
ӘҚБтК-нің 195-бабына сәйкес, егер кәсіпкер төлем карталарын қабылдауға міндетті бола тұра POS-терминал орнатпаса:
Бірінші рет – ескерту.
Қайталанса:
▪️ шағын бизнеске – 40 АЕК;
▪️ орта бизнеске – 60 АЕК;
▪️ ірі бизнеске – 80 АЕК.
Қорытынды
Мемлекеттік кірістер органдары БКМ мен POS-терминалдарды қолдану талаптарын сақтау:
✔️ есеп айырысулардың ашықтығын арттыратынын;
✔️ тұтынушылар құқықтарын қорғайтынын;
✔️ қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға ықпал ететінін еске салады.