Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Сенаторлар атом өнеркәсібін дамытудың негізгі міндеттерін талқылады

18-03-2026, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшылығымен кездесу өткізді. Онда  Қазақстанның атом өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен даму келешегі талқыланды.

Сенаторлар Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық энергожүйенің әлеуетін ескере отырып, ядролық энергетиканың дамуын маңызды бағыт ретінде белгілегенін атап өтті. Депутаттар осыған байланысты атом саласын одан әрі дамытудың ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы зор екеніне тоқталды.

Депутаттар талқылау барысында «Қазатомөнеркәсіп» іске асырып жатқан уран өндіру, кен орындарын игеру жобаларын, сондай-ақ өнімді экспорттау және қайта өңдеуге байланысты бағыттарды қарады. Депутаттар геологиялық барлау мен өндірудің заманауи технологиясын енгізу, қайта өңдеуді дамыту, шикізат базасын толықтыру және логистика бағыттарын әртараптандырумен қоса компания қызметінің тиімділігін арттыру қажеттігін жеткізді.

Сенаторлардың айтуынша, білікті кадр даярлау және саланың технологиялық тәуелсіздік деңгейін арттыруға ерекше назар аудару керек.

Сенат комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев кездесуді қорытындылай келіп, атом өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін саланың тиімділігі мен әртараптандыруға қоса кешенді және жүйелі тәсіл қажет екенін атап өтті. Ол «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ұлттық оператор ретіндегі басты рөліне тоқтала келіп, өндірістік және технологиялық әлеуетті нығайту, сондай-ақ осы саладағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша дәйекті жұмыс жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив