Абай облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл: 2026 жылдың алғашқы нәтижелері
Абай облысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі. Бұл бағытта толығырақ Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Думан Үкіжанов баяндады.
Қазіргі таңда синтетикалық есірткілердің таралуы өңір үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Заманауи технологиялардың дамуына байланысты есірткі трафигі интернет желісі арқылы байланыссыз тәсілмен жүзеге асырылып, құқық қорғау органдарының жұмысын күрделендіруде. Осыған байланысты Полиция департаменті есірткі қылмыстарын анықтау мен жолын кесуде ақпараттық жүйелер мен заманауи әдістерді белсенді түрде қолдануда.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №1117 қаулысымен 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Құжат 7 бөлімнен, 106 тармақтан және 30 тармақшадан тұрып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, есірткіге тәуелділік деңгейін төмендетуге және жастарды қорғауға бағытталған.
Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, есірткісіз қоғам қалыптастыру жолында барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.