Өңірдің саяси және қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли еліміздің және өңірдің саяси, қоғамдық өміріне белсенді қатысып, дамуына өздерінің үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарға құрмет көрсетті.
Шара барысында бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, Семей медицина университетінің басқарма төрағасы - ректоры, облыстық мәслихат депутаты Алтай Дүсіпов, Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Жігітбаева және Шәкәрім университетінің Социологиялық талдау орталығының координаторы Назигүл Ғазизова «Құрмет» орденіне ие болды. Сонымен қатар бір топ азаматтарға «Ерен еңбегі үшін» медалі мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Аймақ басшысы шараға жиналғандарды Наурыз мейрамымен құттықтап, облыстың саяси және қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүргендері үшін алғысын жеткізді.
Референдум өңірімізде заң талаптарына сәйкес ашық және әділ өтті. Облыстағы 400 830 дауыс беру құқығы бар тұрғынның 84,02 пайызы Жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап, дауыс берді.










