Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
482.33 557.57 5.74

Сарапшылар Конституцияның ұлтаралық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін талқылады

Кеше, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында «Конституциялық реформа және ұлтаралық тұрақтылықтың институционалдық кепілдіктері» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті. Жиынға қоғам қайраткерлері, ғалымдар және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Қатысушыларға 2026 жылдың I тоқсаны бойынша «Елдегі ұлтаралық ахуал мониторингі» тақырыбында әлеуметтік зерттеу таныстырылды. Зерттеу қорытындысы бойынша, халықтың қоғамдық жағдайға оң көзқараста екені және ұлтаралық қатынастардың тұрақты деңгейі анықталды. Нәтижесінде шамамен 94 % азамат оң көзқарас білдірген.

Кездесу барысында қоғамдағы ұрпақтар арасындағы өзгерістер саяси жүйенің өзгеруіне ықпал ететін фактор екені де қарастырылды. Ел демографиялық өсім, азаматтық бірегейліктің нығаюы, цифрландыру үдерісі және жаңа буын рөлінің артуы жағдайында дамып келе жатқаны қозғалды.

Конституция қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың негізі ретінде талқыланды. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы мүдделердің тең сақталуына мүмкіндік беретін басты құжат екені айтылды. Жиын барысында жаңа құрылған Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі де сөз болды. Бұл кеңес халықтың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жол ашып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Кездесу қорытындысында Қазақстан Халық Кеңесі әртүрлі әлеуметтік топтардың пікірін ескеріп, олардың мүдделерін қорғауға көмектесетін ашық алаңға айналатыны айтылды. Сонымен қатар ол мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейтуге ықпал ететін маңызды тетік ретінде бағаланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив