Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
482.33 557.57 5.74

Астанада жаңа Конституция мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен кездесу өтті

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада «Жаңа Конституция: азаматтық белсенділік және электоралдық мәдениет» атты кездесу өтті. Жиынға жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер қауымы және сарапшылар қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің бастамасымен ұйымдастырылып, демократияны дамытуда жастардың рөлі туралы ашық пікір алмасу алаңына айналды.

Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституцияның негізгі ережелерін, сондай-ақ референдум қорытындысын талқылады. Референдум қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсеткені сөз болды. Әсіресе жастардың белсенділігі ерекше аталып өтті. Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 35,2 %-ы – жас сайлаушылар.

Жиында жастармен бірге жұмыс істеу қағидатының маңызы айтылды. Демек жастар күн тәртібін анықтап, маңызды бағыттарды белгілеу кезінде және нақты ұсыныстар жасауда өздері атқарады.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өзара пікір алмасып, атқарылған жұмыстарды талқылады және алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеудің негізгі бағыттарын айқындады.

Іс-шара барысында республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, саясаттанушылар және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив